Павлодарда коммуналдық техникалар жаңаруда

Павлодарда коммуналдық техникалар жаңаруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа техника қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, тазалықты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.

— «ХОЛДИНГ-ТРАНС-ПАВЛОДАР» ЖШС коммуналдық кәсіпорнына барып, жаңадан алынған техникаларды көрдім. Биыл кәсіпорын заманауи, жоғары санатты бірнеше шаңсорғыш сатып алған. Жаңа техника қызметкерлердің ісін жеңілдетіп, тазалық жұмыстарын тиімді әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді, – деді қала әкімі.

Хасар Хабылбековтің айтуынша, коммуналдық қызметтердің техникалық базасын тұрақты түрде жаңартып отыру қажет. Заманауи техниканы пайдалану жұмыстың сапасын арттырып қана қоймай, қызметкерлерге қолайлы әрі лайықты еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді. 

— Коммуналдық сала қызметкерлеріне күнделікті еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Олардың еңбегі көбіне көзге көріне бермейді. Дегенмен көшелер мен аулалардың таза әрі жинақы болуы, қаламыздың жайлы болуы – осы жандардың күнделікті еңбегінің нәтижесі, – деп түйіндеді сөзін.

Кездесу барысында шаһар басшысы компания басшыларына биыл тағы бірнеше осындай шаңсорғыш сатып алуды тапсырды.