Павлодарда күш құрылымдары сынға түсті

«Спорт сити» және «Баянтау» спорт кешендерінде департамент бастығының кубогына алғаш рет төрт спорт түрі бойынша облыстың күш құрылымдары арасында жарыс өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шара «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған. Оған тоғыз команда қатысты: прокуратура, сот, полиция департаменттері, ҰҚК, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктері, әділет және ТЖ, сондай-ақ әскери бөлім-99225.
– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін командалық ойында қалыптасатын физикалық төзімділік пен өзара түсіністік дағдылары маңызды. Мұндай жарыстар дайындық деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дәстүрлерді нығайту, ойыншылар арасында құрметпен қарым-қатынас орнату үшін маңызды, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Жарыс шағын футболдан басталды. Қарқынды және қызықты ойын финалында ең мықты командалар жиналды. Бірінші орын тамаша командалық ойын көрсеткен ҰҚКД командасына бұйырды, екінші орынды полиция департаментінің командасы иеленді және үздік үштікті ТЖД командасы түйіндеді.
Бильярд кезеңінде барлық қатысушылары әдемі және серпінді ойын көрсетті. Нәтижесінде ҰҚКД командасы басым түсті, облыстық прокуратура командасы екінші орынға, ТЖД командасы үшінші орынға ие болды.
Волейболдан ҰҚКД командасы сенімді жеңіске жетті. Полиция департаментінің командасы күміс, ТЖД командасы қола жүлде алды.
ТЖД құрамасы турнир жеңімпазы атанса, полиция екінші және ҰҚКД үшінші орын алды.
– Барлық қатысушылар өз шеберліктерін және жеңіске деген қызығушылық ерік-жігерін көрсетті. Бірақ кез келген спорт түріндегідей ең мықты ғана жеңіске жетеді, – деп атап өтті полиция департаменті командасының қатысушысы Әлібек Оразбек.
Жалпы командалық есепте ҰҚКД командасы бірінші, ТЖД командасы екінші және полиция департаментінің командасы үшінші орынды иеленді. Турнир жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.