Павлодарда күзетші ұрған оқушының жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер зардап шеккен баланы қарап шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
19 ақпанда сағат 16:40-та облыстық балалар ауруханасына 2012 жылы туған ер бала жүгінді. Оқушының сөзінше, оны мектептегі күзетші ұрған. Ер баланы кезекші травматолог қарады. Оған кеуде қуысының көгеруі диагнозы қойылды. Оқушы амбулаториялық бақылауға үйге жіберілді.
Еске сала кетейік, павлодарлық мектептердің бірінде мас күзетші 6-сынып оқушысын ұрған. Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.