Павлодарда көлік картаның бағасы қымбаттайды

Павлодарда көлік картаның бағасы қымбаттайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақпаннан бастап, карталар басқа бағамен сатылады, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz. 

 «Смарт Автобус ПВ» ЖШС-ның мәліметінше, бұрын 500 теңге тұратын стандартты көлік карталары енді 600 теңгеден сатылатын болады. Ал оқушылар мен зейнеткерлер үшін көлік карталары 450 теңгеден 600 теңгеге дейін қымбаттайды. Әлеуметтік карта тегін беріледі, алайда оны жоғалтып, қайта алған кезде оның бағасы 600 теңгені құрайтын болады. 

Тегін жол жүру құқығымен әлеуметтік картаны: мүгедектігі бар адамдар мен балалар, Павлодар қаласының құрметті азаматтары, көп балалы аналар, қызметті орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, ҰОС ардагерлері және Чернобыль апатына қатысушылар, жетім балалар және 23 жасқа дейінгі әлеуметтік көмек алатын ЖОО студенттері ала алады.

Стандартты карта барлық жолаушыларға жарамды. Бірінші сыныптан 11-12 сыныптарға дейінгі оқушыларға арналған мектеп картасы бар. Жеңілдік картасы жасына байланысты зейнеткерлер үшін жол ақысының толық құнынан 50% жеңілдікпен беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады. Қолма-қол ақшасыз төлеген кезде бір сапар үшін 100 теңге, қолма-қол ақша үшін-200 теңге тұрады.