Павлодарда көлік қаққан азаматтың апеллациялық шағымы қанағаттандырылмады
Зардап шегуші моральдық шығынға 3 млн теңге төлеуді сұраған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының ішінара қанағаттандырылған бірінші сатыдағы соттың шешіміне түскен апелляциялық шағымы бойынша материалдық залал мен моральдік зиянды өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады.
- Іс бойынша айыпталушы жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүргіншіні қағып, соның салдарынан оның денсаулығына жеңіл зиян келтіргені анықталды. Зардап шегуші келтірілген материалдық залал үшін 218 919 теңге, моральдық зиян үшін 3 000 000 теңге өндіруді сұрады, - делінген хабарламада.
Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 218 919 теңге материалдық залал және 300 000 теңге моральдік зиян өндірілді.
- Апелляциялық шағымда талап қоюшы талап қоюды өзгерте отырып, толық көлемде қанағаттандыруды сұрады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 951-бабының 1-тармағына сәйкес моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы аскеріледі, - дейді баспасөз хабарламада.
Апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша барлық заңдық маңызы бар мән-жайлар дұрыс, тараптардың дәлелдері жеткілікті толықтығымен тексерілген, моральдық зиянды өтеу мөлшері дұрыс анықталған деген қорытындыға келді. Соттың шешімінде баяндалған қорытындылары даулы құқықтық қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларына сәйкес келеді.
Алқаның шешімімен шағымдалған шешім өзгеріссіз, талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.