Павлодарда көрші мемлекеттің іздеуінде жүрген қылмыскер ұсталды
Ер адам бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел уәкілдері, тергеу органдары және соттан жасырынған адамдардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
– Мәселен, облыс орталығында іздеуде жүрген көрші мемлекеттің азаматы анықталып, ұсталды. Анықталғандай, 2022 жылдың қазан айында көрші мемлекеттің аумағында ер адам бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген. Ер адам құқық қорғау органдарынан қашып кетті. Қазіргі уақытта іздеу бастамашысына хабарланды, – деді облыстық полиция департаменті криминалдық полициясының бастығы Балғабай Қапаров.
Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер сот төрелігінен жасырынған 50 - ге жуық қылмыстық қылмыскерді іздестіріп, ұстады.