Павлодарда мерген журналистер анықталды
Бұл жарысқа 10-нан астам тілші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Respublica» партиясының ұйымдастыруымен өңірлік тілшілер арасында садақ ату спорты бойынша турнир өткізілді. Мергендер жарысына облыстың он бір тілшісі қатысты. Ерлер санатында тоғыз қатысушы бақ сынаса, әйелдер арасында екі қатысушы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Дәулет Мұстафин мен Махаббат Камесхан үшінші орын иегері атанса, екінші орынды Тілеуберді Сахаба мен Өзгеріс Қуанар иеленді.
Жарыстың жеңімпазы аталымын Есенбек Санатұлы жеңіп алды. Ал әйелдер арасында Нұржайна Шодыр екінші орын, Раушан Сыбанжанова бірінші орынды иеленді.
Жарыс жүлдегеріне бағалы сыйлықтар мен медальдар табыс етілді.