Павлодарлық балалар оқу орталығында асық ойнауды үйренеді
Шеберлік сағат «Ұлттық күн» жобасы аясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
15 шілде сағат 11.00-де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Ұлттық күн» жобасы аясында «Қазақ балаларының байырғы асық ойыны» шеберлік сағаты ұйымдастырылады. С.Баязитов оқу орталығының оқырман балаларына Павлодар ауданы Мичурин ауылының кітапханашысы Сесерхан Алтынай «Көтеріспек», «Ат жарыс», «Хан талапай» ойындарынан шеберлік сыныптар өткізеді.
Павлодар ауданы ОКЖ Мичурин ауылдық кітапханасында көп жылдан бері қазақтың ұлттық ойыны – «Асық» ойындарын насихаттайтын, дәріптейтін «Мұрагер» үйірмесі жұмыс жасайды.
Айта кетейік, аталмыш үйірме арқылы Мичурин ауылдық кітапханасының жас оқырмандары асық ойынының бірнеше түрін меңгерген.