Павлодарда Мамандандырылған ХҚКО жұмысын қайта бастады

Павлодарда Мамандандырылған ХҚКО жұмысын қайта бастады
Фото: Павлодар қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан

Мекемеде электр қуаты ажыратылған болатын, деп хабарлайлы @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын қайта жалғастырды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалы хабарлады.

Еске сала кеткйік, Космонавттар көшесі, 2 мекенжайында орналасқан МХҚКО-да бұған дейін электр желісінің негізгі тармағында орын алған апатқа байланысты электр энергиясы ажыратылған еді. Қазіргі уақытта ақау толықтай жойылып, мекеме қалыпты жұмыс кестесіне оралды.