Шарбақты аудандық ауруханасының шатырын жел ұшырып кетті

Шарбақты аудандық ауруханасының шатырын жел ұшырып кетті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аудандық әкімдіктің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні сағат 01:30 шамасында екпінді желдің әсерінен Шарбақты ауылында Гагарин көшесі, 49 мекенжайы бойынша Шарбақты аудандық ауруханасы ғимаратының шатыры құлады. 

Шатыр хирургиялық бөлімшенің және үшінші қабаттың консервацияланған бөлігінің үй-жайларының үстінде ішінара бұзылды.

- Төбесі ағаш тақтайшаның бойымен қатты қаңылтырдан жасалған. Зақымдалған шатырдың жалпы ауданы 792 шаршы метрді құрайды, оның толық бұзылуы шамамен 300 шаршы метр аумақта болды, - деді әкімдікте. 

Әкімдіктің хабарлауынша, шатырдың құлауынан зардап шеккендер жоқ.