Павлодарда мектеп ортасында буллингтің алдын алу әдістері талқыланды

Сондай-ақ, білім берудің өзекті тақырыптары ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, №17 мектепте тәжірибеге бағдарланған сессия өтті.Сессия шеңберінде педагогтар оқушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыруда тәжірибе алмасу үшін жиналды.
Функционалдық сауатты тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау, коммуникативтік дағдыларды жетілдіру және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу басты назарда ұсталды.
– Сессия бағдарламасы дизайн сессиялар, мастер-класстар, кейс-сессиялар секілді әртүрлі жұмыс форматтарын қамтыды. Сондай-ақ, білім берудің өзекті тақырыптары ашылды, – деді білім бөлімінде.
Сонымен қатар, сессияда құндылықтарды қалыптастыру, сабақтарда жобалық-бағдарланған тапсырмаларды пайдалану, «Қантсыз өмір» жобасын енгізу, сынып негізінде театр үйірмесін құру туралы өзекті мәселелер қозғалды.
Мастер-класстар аясында қатысушылар мектеп ортасында буллингтің алдын алу әдістерімен танысты. Сондай-ақ команда құрудың жаңа тәсілдері және білім беру үдерісіндегі тиімді өзара іс-қимыл туралы білді.
Сессия барысында қатысушылар №17 мектептегі әріптестерінің практикалық жұмыстарын жоғары бағалап, қазіргі технологияларды өз тәжірибесіне енгізуге деген ұмтылысын білдіріп, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін одан әрі дамыту бойынша өз әсерлерімен және идеяларымен бөлісті.