Павлодарда мектептердегі мина туралы ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Полиция қызметкерлері аталған фактіге қатысы бар адамды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Қаланың бірнеше мектебінде орнатылған жарылғыш құрылғы туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, – деді облыстық полиция департаментінде.
Жергілікті жерге шұғыл қызметтер шықты, мамандар объектілерді тексеруді жүзеге асыруда. Осы іс-шараларды өткізу үшін басқа да шұғыл қызметтер қосылған.
Еске сала кетейік, бомба салынғаны туралы алғашқы қоңырау № 39 мектепке сағат 10:45-те түсті. Оқу орнының директорының айтуынша, белгісіз адам қоңырау шалып, мектеп толығымен миналанған деп хабарлап, балаларды эвакуациялауға 20 минут уақыт берген.