Павлодарда мемлекеттік қызметтер туралы онлайн-конференция өтеді

Павлодарда мемлекеттік қызметтер туралы онлайн-конференция өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Онлайн-конференция барысында тұрғындар өздерін толғандыратын кез келген сұрақты қойып, білікті мамандардан нақты жауап ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін мемлекеттік қызметтер мәселелеріне арналған интернет-конференция өткізіледі.

Іс-шараға облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Диана Камбарова және департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Олжас Исмаилов қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Сұрақтарды сілтеме арқылы қалдыруға болады.