Асайын Байханов дала өртінен зардап шеккен шаруаларға көмектеседі

Асайын Байханов дала өртінен зардап шеккен шаруаларға көмектеседі

Облыс әкімі дала өрттері орын алған Баянауыл, Май аудандары және Екібастұздың ауылдық аймақтарына барып келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесуімен бөлісті. Ол мәселелердің шешу жолдарын талқылады.

– Шаруалардың мәселелерін өзімнің жеке бақылауыма алып, төрт бағыт бойынша көмек ұйымдастыратын боламыз, – деді Асайын Байханов.

Шабындық үшін арзандатылған дизель отынының көлемін 4 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін, жем-шөп дайындау үшін субсидиялау көлемін бір бас ІҚМ үшін 7 мыңнан 15 мың теңгеге дейін және ұсақ мал үшін 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін арттыру  көзделген. 

– Мұқтаж фермерлерге қор санаты, мемлекеттік орман қоры және жайылма учаскелерінде шөп дайындауға мүмкіндік береміз. 4 - дәнді дақылдарды жинау кезінде сабан дайындауды қарастыратын боламыз, жинауға мүмкіндік болатындай, сабан ұсақталмай егістіктерде қалдырылатын болады, – дейді аймақ басшысы. 

Өртте 73 бас ұсақ малдары (50 ешкі және 23 қой) жанып кеткен Әлкей Марғұлан ауылының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу үшін өңірдің ірі кәсіпорындарымен материалдық қолдау көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, жазғы үйі мен малға арналған қоршауы зардап шеккен екі шаруашылыққа да дәл осындай көмек көрсетіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі