Павлодарда мереке күндері бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Павлодарда мереке күндері бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Осыған орай 6 автобустың жүру бағыты өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шараларын өткізуге байланысты  20-22 наурыз аралығында төмендегі көшелер бойынша автокөлік құралдарының қозғалысы шектелетін болады: 

- Ак. Сәтбаев көшесі Лермонтов көшесінен Естай көшесіне дейін;

- Астана көшесі Лермонтов көшесінен Естай көшесіне дейін;

- Қайырбаев көшесі Ак. Бектұров көшесінен Астана көшесіне дейін;

- Кривенко көшесі Ак. Бектұров көшесінен Астана көшесіне дейін.

Осыған байланысты № 1э, 10, 22, 31, 18 және 27 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілетін болады.

№ 1э автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Ак.Сәтбаев көшесімен жүру кезінде осы учаскені Ак. Сәтбаев-Естай-Ак.Бектұров-Лермонтов көшелерімен айналып өтеді және маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.

№10, 22 және 31 автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Ак. Сәтбаев көшесімен жүру кезінде осы учаскені Ак.Сәтбаев-Естай-Ак.Бектұров - Лермонтов-Ак.Сәтбаев көшелерімен айналып өтеді және маршруттар бойынша. Сол сияқты кері бағытта.

№ 18, 27 автобус маршруттары Естай көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай жылжу кезінде осы учаскені Естай – Ак.Бектұров - Лермонтов-Ак.Сәтбаев көшелері бойынша айналып өтетін болады және маршруттар бойынша. Сол сияқты кері бағытта.