13 қаңтарда Павлодар облысында көктайғақ болады

13 қаңтарда Павлодар облысында көктайғақ болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы күндіз -10…-15 °C, облыстың солтүстігінде -18…-23 °C-ты көрсетеді.

Облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Павлодарда -12…-14 °C-қа дейін төмендейді. Күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады.