Павлодарда мерекеге орай ұйымдастырылған білім марафоны мәресіне жетті
Білім додасына 150-ден астам студент қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғарғы көпсалалы колледжінде «Республика күніне» орай жоспарланған білім марафонының финалдық сайысы өтті.
- 14 қазанда басталған білім марафонының финалдық сайысына колледждегі әр топтан 9 білімді, тапқыр студенттер қатысты. Ал жалпы бірінші курс студенттерінен 9 топтан шамамен 160 студент қатысты, - делінген хабарламада.
Аталмыш сайысқа әр топтың үздік атанған студенттері финалдық сайысқа жолдама алды. Тартысты додаға түскен студенттер 3 бөлімнен тұратын сайыста бақталасты. Алғашқы кезең Ақсу қаласына қатысты болса, екінші кезеңде ойыншылар облысымыздың тарихы мен рекордтарына қатысты білімдерін сынады. Ақтық кезеңде финалистер әлемдік сұрақтарға жауап берді.
Марафонның қортындысы бойынша үздік атанып бірінші орын иеленген Тэу-123 тобының студенті Файзулин Мансұр. Ал екінші орынға Дош-123 тобының студенті Сәния Серікбай иеленсе, үшінші орынға Оп-123 тобының студенті Айман Ибраева лайықты болды.
Финалисттерге Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.