Шарбақты ауданындағы өрт оқшауланды (ВИДЕО)

Шарбақты ауданындағы өрт оқшауланды (ВИДЕО)

Тілсіз жауды толықтай жою жұмысы әлі де жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 16 шілде күні сағат 14:00-дегі жағдай бойынша  Шарбақты ауданы «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында орын алған өрт оқшауланды. 

- Табиғи өрттің ауданы шамамен 850 гектарды құрады. Өртті сөндіруге 350-ден астам адам, 102 бірлік мамандандырылған арнайы техника, оның ішінде 4 МИ-8 су құятын құрылғылары бар тікұшақтар және ТЖМ Eurocopter тікұшағы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, "Ертіс орманындағы" өрт 15 шілде күні сағат 14:30-да басталған болатын.

Жалын Сүгір ауылына қауіп төндіргенімен тұрғындарды эвакуациялауды қажет етпеді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға көмекке Астана қаласынан, Қарағанды, Абай және ШҚО мамандар мен арнайы техникалар жеткізілді.

Оқиға орнына ТЖМ Сырым Шәріпханов пен облыс әкімі Асайын Байханов және ТЖД басшысы барды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)