Павлодарлық әйел жерлестерінің атына несие рәсімдеген
Күдіктінің қармағына қаланың 10 тұрғыны түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысы мен «CiberPol» бөлімшесінің жедел қызметкерлері «Home credit bank» қызметкерлерінің көмегімен алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлықты ұстады.
– Күдікті өз жерлестерінің сенімін асыра пайдаланып, жәбірленушілердің дербес деректерін иемденіп, Екінші деңгейдегі банктерде тауар кредитін ресімдегені анықталды. Тауар ресімделген дүкен қолма-қол ақша алуға көмектесті. Бұл ретте жазасыз қалуға үміттеніп, кәсіпкер қыз банк қызметкерлеріне жалған телефон нөмірлерін қалдырды, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Полицейлер бүгінгі күні күдіктінің қармағына түскен өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті. Шығынның жалпы сомасы шамамен 15 миллион теңгені құрайды. Алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұлтартпау шарасы күдікті жүкті болғандықтан таңдалады.
– Азаматтардан қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұраймыз. Ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға өзінің дербес деректерін хабарлауға болмайды. Үшінші тұлғалар Сіздің атыңызға алған «кенеттен» несиелерден өзіңізді қорғау үшін несие тарихына мониторинг жүргізіп, ондағы қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда жедел әрекет ету қажет, – дейді департамент қызметкерлері.
Аталмыш алаяқтық схемасына тап болған жағдайда +7(701)141-58-67 телефон нөміріне немесе 102 жедел арнасы арқылы полицияға хабарласуға болады.