Екібастұз ауылдық аймағында жанып жатқан гараждан газ баллон шығарылды
Газ баллонның сыйымдылығы – 50 литр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының мәліметінше, 6 қаңтарда сағат 09-39-да Қоянды ауылдық округі Қоянды ауылында Шаңырақ көшесі, 16, 2 үй мекенжайы бойынша гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
– Оқиға орнына келгенде жеке үйдің аумағында үйге қосарлана салынған гаражда 15 шаршы метр аумақ өртенгені анықталды. Өртті сөндіруге бір РСК-50 берілді. Газ-түтіннен қорғау қызметінің бір буыны жұмыс істеді, – дейді басқармада.
Тілсіз жау сағат 10.18-де оқшауланып, 10-22-де жойылды.
Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен бір техника мен бес қызметкер, ТЖ басқармасынан бір қызметкер, Қоянды ауылдық округі өрт сөндіру бекетінен төрт адам, бір АЦ жұмыс істейді.