Павлодарда мұрағатшылар тәжірибе алмасады
Қызметкерлер өз біліктіліктерін арттырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
22 тамызда сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мұрағат, құжаттама және кітап ісі комитеті Павлодар облысы әкімінің аппаратымен бірлесіп, «Мұрағат құжаттарын танымал ету және пайдалану» атты семинар өткізеді. Аталмыш іс-шараға Абай, Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының басшылары, басқарма және мемлекеттік мұрағат қызметкерлері қатысады.
Кездесуде мұрағаттық құжаттарды пайдалану және жариялау, пайдаланушылардың деректі көздерге қол жеткізуі мәселелері бойынша заңнаманың және нормативтік құқықтық актілердің негізгі аспектілері талқыланады.
Семинар Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1 мекенжайы бойынша «Қоғамдық келісім» КММ (Достық үйі) өтеді. Қосымша ақпаратты телефондар арқылы білуге болады 8(7182)62-55-12, 8-705-561-080, 8-777-935-10-97. Электрондық пошта: nagumanov.ernur@pavlodar.gov.kz.