Павлодарлық опера әншісі Қазақстанның халық әртісі атанды

Павлодарлық опера әншісі Қазақстанның халық әртісі атанды
Фото: ашық дереккөзден

Құрметті атақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Республика күніне орай Қазақстанның көрнекті қайраткерлеріне марапаттар табысталды. Осы жылдан бастап «Парасат» және «Ел бірлігі» құрметті ордендеріне «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі» атақтары қосылды.

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына опера әншісі Шахимардан Әбілев, белгілі орындаушылар Рамазан Стамғазиев, Димаш Құдайберген ие болды.

Опера әншісі, педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов Павлодар облысы Шарбақты ауданы Арбиген ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген.

Әншінің репертуарында бес жүзден астам туынды – қазақ, шетелдік композиторлардың ариялары, романстары мен әндері бар. Ұлы ақын Абайдың 150 жылдығына орай Шахимардан Әбілев Мәскеуде, Лондонда, Парижде және Қазақстанда жеке концерттерін өткізіп, өнер көрсетті. А.Жұбанов пен Л. Хамиди, П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегин», Моцарттың «Қоңырау» және «Фигароның үйлену тойы», Ғ. Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операларында ойнады. Англияда, Түркияда, Францияда, Иранда, Польшада, Моңғолияда, Кореяда және ТМД елдерінде гастрольдік сапармен болды.