Павлодарда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жарияланады

Байқау отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Наурызнама» декадасын атап өтілуіне сәйкес, 2025 жылғы 16 наурызда Шаңырақ күніне орай «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жарияланады.
Байқауды өткізудің мақсаты – қазақстандық отбасылардың оң тәжірибесін дамыту, қалыптастыру мен тарату, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау.
Конкурс үш кезеңнен тұрады. Аудандық кезең 2025 жылғы 16 наурыз-15 маусым аралығында ұйымдастырылады. Қатысуға өтінімдер аудандық және қалалық комиссияға қағаз немесе электрондық нұсқада тапсырылады. Қабылдаудың соңғы күні – 16 маусым.
Облыстық кезең 2025 жылғы 16-30 маусым аралағына жоспарланған.
Республикалық кезең 2025 жылғы 8 қыркүйекте өтеді. Отбасы күні қарсаңында конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі, диплом мен мүсіншені табыстау тікелей эфирде көрсетілді.
Конкурсқа ұсыным беру, қатысу жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдеріне немесе ақпарат және қоғамдық даму басқармасына 32-20-99, 32-40-77, 8(747)4266239 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.