Павлодардың өнеркәсіптік аудандарында су болмайды

Кәсіпорын өкілдерінен алдын ала су жинап алуы сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін «Трамвай басқармасы» АҚ солтүстік өнеркәсіптік аймағында (258-құрылыс мекенжайы) жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты сумен жабдықтау келесі мекенжайларда уақытша тоқтатылады:
- Солтүстік өнеркәсіптік аудан: 2, 24, 26, 47/2, 114, 258, 1886, 1887;
- Орталық өнеркәсіптік аудан: 108, 164.