Павлодарда мәдениет үйінің алдында дрифт жасаған жүргізуші жазаланды

Павлодарда мәдениет үйінің алдында дрифт жасаған жүргізуші жазаланды
Фото:pixabay.com/REFLEX_PRODUCTION

Қауіпті қозғалысы үшін тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тоқтатылды. BMW маркалы автокөлік жүргізушісі қалалық мәдениет үйі ғимаратының маңында дрифт жасап, жол қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.

– Құқық бұзушылық патрульдеу барысында полиция қызметкерлері тарапынан анықталып, тоқтатылды. Жүргізуші анықталып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Полиция жалпы пайдаланымдағы жолдарда мұндай қауіпті маневрлерге жол берілмейтінін және олардың ауыр салдары бар жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.