Павлодарда Нұрлан Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты
Ол пара алғаны және қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысына қатысты іс үш бап бойынша қаралды. Ол аса ірі мөлшерде пара алғаны, сеніп тапсырылған мүлікті иемденгені және шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танылды. Сотта Нұрлан Мәсімовтен басқа, оның орынбасары Дамир Сиразидимов және кәсіпкер Евгений Евкович істері қаралды.
Соттың шешімі бойынша Нұрлан Мәсімов ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі (Пара алу) сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Оның бұрынғы орынбасарын сегіз, ал кәсіпкерді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Екеуі сот залынан қамауға алынды.
Сотталғандар орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазаны өтейтін болады.
Айта кету керек, Мәсімовтың адвокаты үкіммен келіспейтінін және апелляцияға беретінін мәлімдеген.
Сотталғандар облыстық полиция департаментінің пайдасына 421,6 миллион теңге сомасында талап арыз ішінара қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, прокурор Нұрлан Мәсімов үшін 13 жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ қала сыртындағы үйді және пара ретінде алған 16 миллион теңгені тәркілеуді сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Дамир Сиразидимовты 11 жылға, ал Евгений Евковичті бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ол сондай-ақ II дәрежелі «Айбын» орденінен және полиция генерал-майоры арнайы атағынан айырылды.