Павлодарда Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілер клубы екі көпбалалы отбасыны қуантты

Олар бірінші қажеттіліктегі азық-түлік жинағын сыйға тартты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Забота» еріктілер клубы «Наурыз – мейірімділік уақыты» акциясы аясында екі көпбалалы отбасыға көмек көрсетті.
– Біз мұқтаж жандарға жиі көмек көрсетеміз. Қарттар мен балалар үйлеріне концерттік бағдарламалармен, азық-түлік жинақтарымен барып тұрамыз. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясына қатысып, мұқтаж отбасылардың балаларына қажетті заттар алып береміз, – дейді клуб мүшелері.
Сондай-ақ, олар «Сердца Павлодара» қоғамдық қорын мекендейтін жануарларға да тамақ апарып тұрады. Көптеген ұйымдармен меморандумға отырған. Қыс мезгілінде қарттардың ауласын қардан тазалауға да жәрдемдеседі.
Мейірімді зияткерлер мұндай шараларға белсенді қатысып, қоғамға деген жауапкершілікті сезініп, көмектесуге әрқашан дайын екендерін атап өтті.