Павлодарда оқушылар жыр алыбы – Жамбыл жайлы жырлады
Байқауға 20-ға жуық айтыскер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық айтысының 13-ші облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 13 оқушысы, конкурстың қалалық, аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының № 33, 35, М. Жүсіп атындағы, Қ. Бекхожин атындағы мектептерінің 4 оқушысы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар мектептерінің барлық төрт қатысушысы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бірінші орын - 1, екінші орын - 2, үшінші орын -1. «Тақырыптық айтыс» бағытында - Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, елдегі шығармашылық қызметі кезеңіндегі тарихи оқиғалар жырланды.
Бірінші орынды № 33 мектептің 9-сынып оқушысы Еркеш Қажет, екінші орынды М. Жүсіп атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Темірлан Шахмарданов және Қ. Бекхожин атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Заңғар Мұрат, үшінші орынды № 35 мектептің 9-сынып оқушысы Саида Манат иеленді.
Айта кету керек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім басқармасының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздар айтыстың республикалық кезеңіне қатысады.