Павлодарда он бес оқушы білім грантына ие болды

Павлодарда он бес оқушы білім грантына ие болды
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Тағы 20-дан астам бала университеттің жеңілдіктеріне қол жеткізді,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, орта мектеп оқушылары арасында өткен облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздарына Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педогогикалық университетінің гранты мен жеңілдік сертификаттары табысталды.

Білім додасында жеңімпаз атанып грантқа ие болған оқушыларды Марғұлан университеті басқарма төрағасы - ректор Жанбол Жылбаев және облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина, университет басқарма мүшелері құттықтап, ақ тілектерін білдірді.

- Білім сайысында жүзден жүйрік атанған 42 оқушыға Марғұлан университетінің гранты мен 25 және 50 пайыздық жеңілдіктері берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орын алған 15 балаға университет гранты, 13 оқушыға 50 пайыздық, 11 оқушыға 25 пайыздық жеңілдік сертификаттары табысталды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келе жатқан 2 педагогикалық сынып оқушылары мен мұғалімдеріне де жеткен жетістіктері үшін Алғыс хаттар табысталды.