Павлодарда онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында тегін қабылдау өтеді

Павлодарда онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында тегін қабылдау өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтар алдын ала жазылусыз тәжірибелі онкологтардан тегін кеңес ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 наурызға дейін өңірде «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ мамандарының ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өтеді.

– Жұмыс сапары аясында 18 наурыз күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің базасында бас және мойын қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша пациенттерге тегін консультациялық қабылдау ұйымдастырылады. Барлық ниет білдірушілер алдын ала жазылусыз тәжірибелі онколог мамандардан кеңес ала алады, – делінген хабарламада.

Кеңес алу үшін жеке куәлік қажет.

Өтетін орны: Павлодар қаласы, Российская көшесі, 57/3, А корпусы.

Байланыс телефондары: +7 (7182) 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.