Павлодарда отбасымен демалысын бейнероликке түсірген оқушылар сынға түсті

Павлодарда отбасымен демалысын бейнероликке түсірген оқушылар сынға түсті
Фото: Білім бөлімі

Бұл байқауға 80-нен астам отбасы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы  «Менің отбасындағы демалысым» қалалық бейнероликтер байқауын өткізді. Оған қаланың 22 мектебінің 2-4-сыныптарының 86 оқушысы қатысты.

– Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбиеге назар аудару, бос уақытты отбасы шеңберінде өткізуді қалыптастыру, отбасылық дәстүрлерді дамыту және сақтау. Байқау шарттары бойынша қатысушылар отбасылық демалыс,  бос уақытты  қамту туралы бейнероликтер ұсынды, – дейді ұйымдастырушы Қарлығаш  Якупова.

Байқау қорытындысы бойынша 18 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бірінші орын - үшеу, екінші орын - алтау, үшінші орын - тоғыз. Олар «Павлодар дарыны» орталығының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.

I орынды № 27 мектептің 2-сынып оқушысы Самир Жетпісов алды.

– Бейнероликте мен әкем екеуміз бос уақытымызда спортпен шұғылданып, отбасымызда асық ойынын ойнайтынымызды, ал анаммен бірге қызықты кітаптар оқитынымызды көрсеттім. Біздің отбасымызда бәрін бірге жасау дәстүрге айналған, – дейді Самир.

Сондай-ақ, № 40 мектептің 3-сынып оқушысы Альтаир Тұрсынханов мен Жетекші мектебінің 4-сынып оқушысы Санжар Дүкенбаев жеңіс тұғырынан көрінді.