Павлодарда қазақ тілін оқыту тегін курстарына жазылу басталды
Курс үш айға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі барлық санаттағы азаматтар үшін қазақ тілін тегін оқыту курстарын ұйымдастырады.
– Оқу құралдары тегін беріледі. Сондай-ақ, оқыту «Ана тілі» мобильді қосымшасы арқылы жүргізілетін болады. Сабақтар аптасына екі рет тұрғындарға ыңғайлы уақытта өтеді. Курс интерактивті тапсырмалар, тесттер, бағалау және тексеру элементтерін ескере отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы қызықты түрде ұйымдастырылады,– деді бөлімде.
Үш айлық курстар 1 ақпаннан басталады.
Курсқа 65-23-63, 8(701) 526-93-21 (WhatsApp нөмір) телефондары бойынша немесе otdkultpvl@yandex.kz электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.