Павлодарда отбасын қолдау орталығы жаңа ғимаратқа көшті

Онда қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, отбасын қолдау орталығы Ген.Дюсенов көшесі, 80 мекенжайына көшті. Ғимараттың 2-қабатында психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі, сондай-ақ, түрлі өмірлік мәселелер бойынша кеңестер беріледі.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтар аталмыш орталыққа жүгіне алады.
Орталық әрқашан қолдау мен кеңес қажет әр адамға көмектесуге дайын.
Байланыс телефондары: 8(707)453-35-10 немесе 111.