Павлодарда полицейлер анасы мен баласын жанып жатқан үйден алып шықты
Тәртіп сақшылары оларды терезе арқылы сыртқа шығарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері Рашид Мугадилов пен Дәулет Серіков жұмыста болғанда ашық терезеден әйел адамның «Өрт!» деп айқайлаған дауысын естіген. Оқиға Астана көшесі, 53 мекенжайы бойындағы көрші үйде болған.
Тәртіп сақшылары бір секундқа да ойланбастан, сол үйге қарай жүгірген сәтте кіреберісті түтін басқанын және жүгірген адамдарды көрген. Бірінші қабаттың терезесінен қалың түтін шығып, кіреберіске кіру мүмкін болмаған. Сондықтан полиция терезе арқылы кіріп, әйел мен ұлын және күйіп қалған ер адамды терезеден шығарған.
Әрі қарай жағдайды тез бағдарлап, тұрғындарды өз бетінше эвакуациялаған. Тұрғындар тоңып қалмас үшін қызметкерлер барлық тұрғындарды солтүстік полиция бөлімінің азаматтарды қабылдау бөлімшесіне апарып, барлығына ыстық шай берген.
Басшылық полицияның әрекеті туралы әлеуметтік желілерден білген, зардап шеккендердің бірі тәртіп сақшыларына алғыс білдірген.
– Жедел және кәсіби іс-қимылдың нәтижесінде қайығылы жағдайға жол берілмеді. Жігіттер өте тез іске кірісіп, бізді құтқара бастады. Олардың арқасында ұлым екеуміз тірі қалдық, – дейді Наталья Рожко.
Сол күні Павлодар қаласы солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері – майор Рашид Мугадилов пен криминалдық полиция бастығының орынбасары және жедел уәкіл капитан Дәулет Серіков көмекке келген.
– Сенбі күні еді, барлық тұрғындар үйде болды. Адамдарды құтқару немесе өрт сөндірушілерді күту жайлы көп ойланған жоқпыз. Біздің ата-аналарымыз бар және балаларымыз өсіп келеді, – дейді полицейлердің өздері.
Тәртіп сақшылары егер олар осындай жағдайға тап болса, оларға да көмекке келетіндігіне сенеді.