Павлодарда полицияның қызметтік көлігін айдап кеткен күдікті қолға түсті

Павлодарда полицияның қызметтік көлігін айдап кеткен күдікті қолға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол қылмыс барысында жол апатына түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дүкеннен ұрлық жасау және қызметтік автокөлікті айдап әкету фактілері бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген баспасөз хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті масаң күйде болған. Ұрлық жасап, автокөлікті айдап әкеткеннен кейін Назарбаев пен ҚазПравда көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасын жасаған. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Сонымен қатар, қызметтік автокөліктің айдап әкетілуіне жол берілу фактісі бойынша қызметтік тексеру басталды.