Павлодарда полицияның үздік қызметкерлері марапатталды
Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты жағдайда ең үздік полицейлер лайықты марапаттарға ие болды.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ПД ЖҚАЖ командирі Руслан Каңтарбаевқа, Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары Валентин Брімжановқа, ПД ЖПҚ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бібегүль Қамзина, «Полиция полковнигі» және Аққулы ауданы ПБ бастығының орынбасары Азат Есеркепов пен патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Руслан Отарбаевқа «Полиция подполковнигі» арнайы атағы берілді.
Ертіс ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы Семейхан Нұрғалиев «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалінің жоғары марапатына, департаменттің медициналық бөлімінің бас маманы Арман Жүсіпбеков ҚР ІІМ Құрмет грамотасына ие болды.
Бірқатар қызметкерлер «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төсбелгісімен, «Бірінші дәрежелі ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, ІІМ грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram