Павлодарда «Qaz Stand Up» жобасының финалистері анықталды
Бас жүлде – 300 мың теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жоба Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Іріктеу кезеңінде қатысушылар сахнада өнер көрсетіп, әзілдері арқылы көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ширек финалда өнер көрсеткен 17 қатысушының қатарында Павлодар, Екібастұз, Атырау, Ақтау, Шымкент, Арқалық және Талдықорған қалаларынан, сондай-ақ Павлодар облысының аудандарынан келген үміткерлер бар.
Мәселен, өнер додасында Павлодар облысынан 11 қатысушы өнер көрсетті. Олардың қатарында Павлодар қаласынан Кәусар Күнболат, Аружан Жүкей және Адиль Капезов, Екібастұз қаласынан Жеңісгүл Мелісова, Айсұлу Нұрлыбек мен Расул Изат, Май ауданынан Мансұр Әділшын мен Нұрбол Берікбол, Аққулы ауданынан Дарина Такирова, Ақтоғай ауданынан Алмаз Сальденбеков және Атамекен кентінен Ерсұлтан Темірбек бар. Ал қалған алты қатысушы Атырау, Арқалық, Талдықорған, Ақтау және Шымкент қалаларынан келген меймандар.
Финалға он қатысушы жолдама алды. Жобаның бас жүлдесі – 300 мың теңге кімге бұйыратыны жақын күндері белгілі болмақ.
Ұйымдастырушылар іріктеу кезеңіне қатысып, өнер көрсеткен барлық үміткерге алғыс білдірді.