Павлодарда сәбиді көлік қағып кетті
2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, сағат 00:50 шамасында 2020 жылғы туған баланы көлік қағып кеткені жайлы хабар келіп түскен. Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылды.
– Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, бөлімде ем қабылдап жатыр, – дейді ауруханада.
Зардап шеккен баланың айтуынша, аталмыш оқиға Қамзин көшесі 41/1 мекенжайында орын алған.