Экология және табиғи ресурстар министрі «Ертіс орманына» жұмыс сапарымен келді

Экология және табиғи ресурстар министрі «Ертіс орманына» жұмыс сапарымен келді
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Сапар барысында резерват аумағында жаңа өрт сөндіру станцияларын салу мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына жұмыс сапарымен келді. 

– Министр резерваттың Бесқарағай филиалы Маралды, Майқарағай орманшылықтарына және филиалдардың екінші типті орман өрт сөндіру станцияларына барып, олардың жұмысы мен ондағы өрт сөндіру техникалары мен құрал-жабдықтарының жай-күйін тексерді, – дейді резерватта.

Сонымен қатар, резерват аумағында жақында құрылған орман өртін ерте анықтау жүйесімен, Шалдай филиалының тұрақты орман тұқымбағының жұмысымен танысты.