Павлодарда санитарлық талаптарды сақтамаған ұйым қомақты айыппұл арқалады
Жауапты тұлғаға ҚР ӘҚБКо-нің 505-бабына бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, бүгін яғни 28 ақпан күні жерүсті инженерлік ғимараттарын тиісті қалпында санитарлық жағдайда ұстамау фактісі тіркелді.
- Оқиға Малайсары батыр көшесі бойынша № 17 тұрғын үй ауданында тіркелді. Мұнда жылу желісінің іргелес аумағында жер үстінде құрылыс және тұрмыстық қоқыс қалдықтары мен ағаш түріндегі жасыл желектер қалдырылған, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты пайдаланушы ұйымға ҚР ӘҚБКо-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Жауапты тұлға 1 035 000 теңгенің (300 АЕК) айыппұлын арқалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram