Павлодарда автобус аялдамасының жанында қызды қағып кетті

Павлодарда автобус аялдамасының жанында қызды қағып кетті
Фотосуретті оқиға куәгерлері жіберді

Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға күндіз «Қамқор» автобазарының маңында болған.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында мәлімдегендей, шақыру 17:17-де түсті. Төрт минуттан кейін дәрігерлер бригадасы оқиға орнында болды.

28 жасар қыз ауыр жағдайда №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.