Павлодарда саябақтар мен алаңдарда гүл отырғызу жұмыстары жүргізілуде

Павлодарда саябақтар мен алаңдарда гүл отырғызу жұмыстары жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Суару кестеге сәйкес және ауа райы жағдайына байланысты ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдеді.

– Облыс орталығында гүл отырғызу жұмыстары ағымдағы жылдың 3 мамырында басталды. Қаладағы саябақтар мен алаңдарда гүл егу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 30 мың шаршы метрге жуық жерге біржылдық әртүрлі гүлдер (шырайгүл, тагетес, кинерария, қараот, үлпек, қазтамақ және тағы басқаларын) отырғызу жоспарлануда. Суару кестеге сәйкес және ауа райы жағдайына байланысты ұйымдастырылады. Бұл жұмысқа мердігер ұйым «Аяулы алақан» қоғамдық бірлестігі жауапты, – деп атап өтті ол. 

Гүл отырғызу жұмыстары жалғасуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)