Ақсуда атмосфералық ауаның жай-күйі туралы мәліметтер LED экранда көрсетіледі

Ақсуда атмосфералық ауаның жай-күйі туралы мәліметтер LED экранда көрсетіледі
Фото: Константин Шелков

Мұңдай LED экрандар өңірдің барлық қалаларында орналастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармаcы басшысының орынбасары Сағын Төлеутаев мәлім етті.

Қазгидромет автоматты бекеттері орнатылған кез келген елді мекенде атмосфералық ауаның сапасын бақылауға мүмкіндік беретін AirKZ мобильдік қосымшасы көпшілікке белгілі және кеңінен қолданылады. ҚР бойынша – 72 елді мекен, Павлодар облысы бойынша – 3 қала.

– Әрбір тұрғынның еркін онлайн қолжетімділігі бар экологиялық мониторинг жүйелерін дамыту маңызды құрал болып табылады, – деді спикер. – Осы ретте, біз бұл жүйені жетілдірдік және LED экрандары арқылы деректерді шығаруды қамтамасыз еттік. Атмосфералық ауаның ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер Павлодар қаласындағы 5 LED-экранда, Екібастұз қаласында бір нүктеде және ағымдағы жылдан бастап Ақсу қаласында таратылады.

 Айта кетейік, аталмыш экрандар Павлодар қаласында Сәтбаев-Торайғыров, Сәтбаев-Кривенко, Н. Назарбаев – Лермонтов көшесі, Теміржол вокзалы, әуежай және Екібастұз қаласында М.Жүсіп-М. Әуезов көшесінде, ал Ақсу қаласында Астана көшесі, 7 мекенжайларында орнатылды.