Павлодарда шомылу маусымы жабылды
Шезлонгтарды алып тастайды , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, облыс әкімі бекіткен «Жаз 2024 жыл» шомылу маусымының кешенді жоспарына сәйкес Павлодарда жағажай маусымы 31 тамызда аяқталады.
– Жақын арада Орталық және Усолка жағажайларында шезлонгтарды, ауыз су бұрқақтарын, қоқыс жәшіктерін және киім ауыстыратын орындарды алып тастау жұмыстары басталады,– делінген хабарламада.
Кызмет орындары жоспарлағандай бассейнді сақтап қалу жұмыстарын бастайды.