Павлодарда Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа спектакль қойылады

Павлодарда Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа спектакль қойылады
Фото: Константин Шелков

Қойылым Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында 28 мамырда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Атақты вальс корольі Шәмші Қалдаяқовтың музыкалық шедеврлері ана махаббаты, әке қамқорлығы, шынайы сезімдер мен жарқын махаббатқа толы туындылары жүрекке жылы әсер етеді.

Композитор – 300-ден астам әннің авторы. Ол еліміздің басты патриоттық әні –  Қазақстанның Әнұранын жазды. Халық оны «Қазақ вальсінің патшасы» деп атады. 

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында атақты музыканттың өміріне арналған «Шәмші» спектакль-концертінің премьерасы өтеді.

 Спектакль-концерт автордың қазақ халық мұрасының ажырамас бөлігіне айналған шығармаларының қалай пайда болғаны туралы сұрақтарға жауап береді. 

Талантты музыкант, қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы, жетістіктері мен сәтсіздіктері, махаббат туралы жаңа спектакльде!

Қойылымның қоюшы-режиссері –  Әділет Ақанов, ал Шәмшінің рөлін Бейбіт Шәнім мен Кенжеғазы Қарымсақов ойнайды.