Павлодарда сот кәсіпкерлікке кепілдік сомасын қайтаруға көмектесті
Жауапкерлер қарыз шартының талаптарын бұзып, міндеттемелерін орындамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Ф» акционерлік қоғамының «С», «П» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, С.Е. мен С.М.-ге қатысты төленген кепілдік сомасын өндіріп алу туралы талап қою бойынша істі қарады.
– 2021 жылдың қазан айында «Н» АҚ (бұдан әрі – Банк) мен жауапкерлер арасында 100 миллион теңгеге кредиттік желіні ұсыну туралы шарт жасалды (бұдан әрі – Шарт). Оның талаптары бойынша Банк қарыз алушыларға «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 14,4%-бен 36 айға несие берді, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Ф» АҚ, банк пен жауапкерлер арасында кепілдік шарты жасалған. Оған сәйкес, талапкер Шарт бойынша Банкке 47 999 800 теңге сомасында кепілгер болған.
Қарыз алушы «С» ЖШС-не бірнеше траншпен несие қаражаты берілген, бірақ ол банктік несиенің шарттары бойынша негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерін бұзған.
2022 жылдың қыркүйегінде қарыз алушының банктік қарыз шартының талаптары бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Банк талапкерге 42 213 494 теңге сомасында қарызды мерзімінен бұрын өтеу туралы өтініш жіберді.
Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен талап қоюшыдан Банк пайдасына 42 213 494 теңге кепілдік сомасы өндірілді. Бұл сот шешімі орындалды.
2023 жылдың қыркүйек айында талап қоюшы жауапкерлерге 2023 жылдың қазан айына дейін 42 213 494 теңге қарызды өтеу туралы талаптарын жолдаған, бірақ талап қоюшыға жауап берілмеді.
– Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қою қанағаттандырылды: 42 213 494 теңге төленген кепілдік сомасы жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына бірлескен тәртіппен өндірілді. «Ф» АҚ кепілгер ретінде Банк алдындағы міндеттемелерін орындады, сондықтан жауапкерлер заң талаптарына сәйкес кепілгер ретінде өздері төлеген соманы талапкерге қайтаруға міндетті, – дейді баспасөз орталығында.
Алқамен шағымдалған шешім өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.