Павлодарда сотталғандар балабақшаға сыйлық жасады

Павлодарда сотталғандар балабақшаға сыйлық жасады
Фото: Павлодар облыстық ҚАЖД

№45 мекеменің қызметкерлері балалар үйіне көмек көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталғандар күрек, құстарға үйшік, жем салатын қораптар жасады.

Мекеменің сотталған шеберлері таза ауада балалардың күнделікті өміріне және оқу іс-әрекетіне көмектесетін сыйлықтар табыс етті. Әрбір зат ерекше ұқыптылықпен және мұқият жасалған. 

Бұл жоба өзара көмек пен еңбек әртүрлі адамдар арасында түсіністік пен қолдау көпірін құра алатындығының жарқын мысалы болды, – деп атап өтті мекеме басшының орынбасары Арман Жүсіпов.

Балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері сотталғандарға алғыс білдірді.