Шарбақты ауданы тұрғындарының үй кезегі екі есе қысқарды
Биыл 110 пәтерлік үш үй салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Асайын Байханов Шарбақты ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлім етті.
Ол әлеуметтік жауапкершілік танытып, өз ауданын жақсартуға тырысатын ауданның тумаларын ерекше атап өтті. Виталий Соломкин биыл ауданға жаңа алаң, хоккей корты, ойын алаңын сыйға тартты. Владимир Поляков, Сергей Белявский, Виктор Григер әлеуметтік нысандарға демеушілік көмек және аудан тұрғындарына тұрақты негізде қайырымдылық көмек көрсетеді.
– Бүгінгі таңда ауданда Алексеевкадағы шағын орталық, Красиловкадағы мектеп, Шарбақтыдағы «Балдәурен» балабақшасы күрделі жөндеуден өтті, жаңа модификация кабинеттері жабдықталды. Денсаулық сақтау саласында барлық ауылдық округтерде санитарлық көлік және медициналық жабдықтар жаңартылды.
Аудан орталығы тұрғындарының өтініші бойынша келесі жылы Шарбақты ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін күрделі жөндеуге, сондай-ақ ауылдың оңтүстік жағында жаңа спорт кешенін салуға 300 миллион теңге бөлінді.
– Мен маңызды әлеуметтік қадамды атап өткім келеді – 110 пәтерлік үш үй салынды. Бұл Шарбақты ауданы тұрғындарының кезектілігін 2 есеге қысқартуға мүмкіндік берді, – деді ол.
Биыл бюджет есебінен 14 шақырымдық ауылішілік жолдар жөнделді –Жылы бұлақ, Шарбақты, Есілбай, Красиловка, Сахновка, Малиновка, 4 балалар және спорт алаңдары орнатылды – Красиловка, Есілбай, Шарбақты.
– Келесі жылы Назаровка ауылына кіреберіс жолын асфальттау, Тәуелсіздік, Поляков, Толстой көшелерін жөндеуді толығымен аяқтаймыз. Мұнымен қоса, ауданның 18 ауылында - Шарбақты, Хмельницкое, Галкин, Маралды, Сосновка, Жылы бұлақ және тағы басқа елді мекендерде тұрғындар орталық суға қосылатын болады, – деді облыс әкімі.
Осылайша аудан халқының 95% пайызы орталық сумен қамтылады. Келесі жылы ауданға облыстық бюджеттен барлығы 2,2 миллиард теңге бөлінді.