Павлодар облысында қанша мәдениет мекемелері бар
Өңірдегі мәдениет саласына қатысты статистикалық мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша статистика департаментінің мәлімдеуінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 228 кітапхана, 280 мәдени-демалыс ұйымы, 12 музей, 4 ойын-сауық және демалыс саябағы, 5 кинотеатр, 2 театр және 1 концерт ұйымы жұмыс істейді.
- 2022 жылы кітапханаларға 2,2 миллион адам, кинотеатрларға 514,5 мың адам, музейлерге 363,5 мың адам, театрларға 90,5 мың адам, ойын-сауық және демалыс саябақтарына 24,4 мың адам барған, - деді департаментте.
Бұл ретте мәдени іс-шаралардың ең көбі мәдени-демалыс ұйымдарында (17,6 мың шара), театрларда, ойын-сауық және демалыс саябақтарында және концерт ұйымында өткен.
Пандемияға байланысты болған шектеу шараларын 2022 жылы толығымен алып тастағаннан кейін барлық мәдениет ұйымдарының қатысуымен өткізілген іс-шаралардың артуы байқалады.
- 2021 жылмен салыстарғанда келушілердің ең көп өсуі концерттік ұйымдарда байқалады – 4 еседен астам, театрларға келушілер саны 2,3 есеге, киносеанстарға келушілер саны 63,4 пайызға, музейлерге келушілер саны 62,9 пайызға, ойын-сауық және демалыс саябақтарына келушілер саны 45,2 пайызға өсті, - деді департаментте.
Облыста 2022 жылы мәдени-демалыс ұйымдарында өткізілетін іс-шаралар саны 2,9 есе өсті, сондай-ақ концерттік, демалыс және ойын-сауық саябақтарында өткізген іс-шаралар саны 1,8 есе артты.
Фото: ашық дереккөздерден