Павлодарда спорттық челлендж басталды
Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Менің сүйікті спортым» эстафетасын №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бастады. Бейнероликте балалар үстел теннисі секциясын неліктен таңдағанын түсіндірді. Біреулер бұл көңілді десе, басқалары оның денсаулыққа пайдалылығын алға тартты.
«Біз өскелең ұрпақтың патриоттық рухын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық денсаулықтың негізі ретінде спорт арқылы Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктеріне құрмет көрсету мақсатында бұл шақыруды қолдаймыз», - деп жазады бастамашылар.
Спорт мектебінде үстел теннисінен басқа су добы, велоспорт, ауыр атлетика, ескек есу, теннис, жүзу, пауэрлифтинг және басқа да спорт түрлерімен айналысады.
Эстафета №2 СДЮШОР, СДЮШОР жүзу және ату бөліміне берілді.